БҚО-да ауданаралық маршруттар саны артқан
24 ауданаралық маршрут 18 тасымалдаушыға қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда облыста төрт халықаралық бағыт бар (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов). Атырауға бір облысаралық маршрут жұмыс істейді, деп хабарлады брифингте БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Қуаншалиев.
Оның айтуынша, 24 ауданаралық маршрут 18 тасымалдаушыға қызмет көрсетеді.
— Өткен жылы Орал қаласынан Казталовка мен Жымпитыға баратын үш ауданаралық автобус бағыты қайта жанданды. Биылғы жылы Сарыөмір, Қамысты және Сайхин ауылдарына маршруттар қосылды. Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидиялар көлемі ұлғайды. Сондай-ақ, субсидияланатын ауданаралық маршруттар саны артып келеді. Биыл 14 тасымалдаушыға 400 миллион теңге субсидия бөлінді, – деді Марат Қуаншалиев.
Ол субсидиялардың арқасында ауданаралық маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылатынын атап өтті. Биыл тасымалдаушылар екі жаңа автобус сатып алды, оның ішінде Жәнібек — Орал бағыты бойынша KING LONG үлкен класты автобусы, Сарыөмір-Орал бағыты бойынша «Газель»маркалы шағын автобус.