«Бала құқығын бұзудың айқын көрінісі»: Оқу-ағарту министрлігі өкілдері FlyArystan дауына қатысты пікір білдірді

Балаларға қатысты мұндай жағдайларға жол берілмейді. Бұл жағдай – баланың құқығын бұзудың айқын көрінісі.

Фото: Midjourney

Оқу-ағарту министрлігі Бала құқығын қорғау жөніндегі комитеті өкілдері Fly Arystan әуекомпаниясында туындаған жайтқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, комитет өкілдері FlyArystan ұшағының бортына жіберілмеген 12 жастағы қыздың анасымен байланысқан. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілген.

«Балаларға қатысты мұндай жағдайларға жол берілмейді. Бұл жағдай – баланың құқығын бұзудың айқын көрінісі. Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты басымдыққа ие болуға тиіс. Ең бірінші кезекте әуекомпания рейске тіркелген балаларға қамқорлық танытуы қажет еді», — делінген хабарламада.

Комитет осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін FlyArystan әуекомпаниясы мен Көлік министрлігі азаматтық авиация комитетіне тиісті шара қабылдау туралы ресми хат жолдады.

Айта кетейік, осыған дейін желіде қазақстандық келіншек 12 жастағы қызы билетінің брондалғанына қарамастан, FlyArystan ұшағының бортына отырғызылмағанын айтып шағымданған еді.

Әуекомпания аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, қыздың анасынан кешірім сұрады. Көп ұзамай FlyArystan компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қызды ұшаққа жібермеген: FlyArystan басшысы кешірім сұрап Оралға ұшып келді

Fly Arystan компаниясы ұшаққа отыруға жіберілмеген қыздың анасына 4 млн теңге ұсынған

«Өрескел жағдай»: ААК FlyArystan-ды баланы тастап кеткені үшін жазалауға уәде берді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-24
Утром-27.01 ℃
Днем-18.54 ℃
Вечером-20.87 ℃
Ночью-22.64 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.65 м/с
2026-01-25
Утром-24.82 ℃
Днем-19.13 ℃
Вечером-21.74 ℃
Ночью-23.94 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра4.16 м/с