БҚО-да киік санының күрт өсуі шаруаларға жайсыздық әкелуде

Түз жануары жайылымдар мен егіс алқаптарын таптап, аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытуды қиындатуда және шаруа қожалықтарын елеулі шығынға душар еткен.

«ОА» мұрағатынан

Сенат депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысында болды. Олар шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті және қазіргі кездегі мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Ауыл еңбеккерлері кездесу барысында ерекше жағдайға тап болып отырғандарын жеткізді. Өйткені, батыс өлкені мекендейтін киік санының тез күрт өсуі шаруаларға жайсыздық әкелуде. Түз жануары жайылымдар мен егіс алқаптарын таптап, аймақтағы ауыл шаруашылығын дамытуды қиындатуда және шаруа қожалықтарын елеулі шығынға душар еткен.

Сенатор Арман Өтеғұлов киік санының одан әрі көбеюіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерінің мүддесін қорғау және облыстың экожүйесін сақтау үшін шұғыл шаралар қажет екенін, ол қазіргі кезде аса маңызды болып отырғанын атап өтті.

Киік Батыс Қазақстан облысының экожүйесінің маңызды бөлігі және оларды сақтау өңірдің биоалуандығы үшін аса маңызды. Алайда, киіктің шамадан тыс көбеюі аймақтағы шаруа қожалықтарына және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге елеулі қауіп болып отыр. Сондықтан бұл жануардың санын реттеуге аса мұқият және жауапкершілікпен қарау керек, – деді Арман Өтеғұлов.

Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Орал қаласында, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөрлі аудандарында болды. Депутаттар жаңа тұрғын үй құрылысымен және бүлінген үйлерді қалпына келтіру барысымен танысып, жұмыстың мерзімінің кесте бойынша жүзеге асуы мен сапасына назар аударды.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді толық және жедел қалпына келтірудің маңызы зор және оны Мемлекет басшысы қатаң бақылап отыр. Жұртшылықтың да жіті назарында. Аймақ тұрғындары құрылыс жұмыстарының аяқталуын және жаңа тұрғын үйлерді асыға күтеді. Біз, депутат ретінде осы маңызды мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз, – деп атап өтті Ләззат Рысбекова.

Биылғы есеп бойынша киік саны 48 пайызға өсіп, 2,8 миллионға жеткен. Негізгі көрсеткіш үш популяцияда байқалған. Олар: Орал, Бетпақдала және Үстірт. Батыс Қазақстан облысындағы киік саны – 1 млн 620 мың, Бетпақдалада – 1 млн 150 мың, ал Үстірттегі киік саны – 63 мыңға жеткен. «Охотзоопром» өңірлік бөлімі мен «Табиғат» қоғамдық бірлестігі авиациялық есепке алуды биыл 14-сәуір мен 1-мамыр аралығында жүргізген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с