Енді жеке кәсіпкердің салық режимін банк қосымшасында ауыстыруға болады

Kaspi.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметті іске қосты.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
«Мемлекеттік органдармен бірлесіп, тағы бір жаңа сервисті іске қосып отырмыз, оның көмегімен кәсіпкер өзінің салық режимі мен ЖК реквизиттерін тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында өз бетінше өзгерте алады. Енді кәсіпкерлер құжаттарды ресімдеуге аз уақыт жұмсап, өз бизнесін дамытуға көбірек уақыт бөле алады. Қазірдің өзінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Kaspi.kz және Kaspi Pay мобильді қосымшаларының көмегімен көлік салығын, мүлік салығын, табыс салығын, жер салығын, кедендік алымдарды, ҚҚС және басқа да көптеген салықты төлеп жатыр».

2023 жылы Kaspi.kz онлайн-сервистерінің көмегімен 1,2 триллион теңге салық төленді. 2024 жылдың тек бірінші жартыжылдығында төленген салық сомасы 797 миллиард теңгеге жетті. Осы уақытта 16 миллионнан астам төлем жүргізілді. Ең көп төленген төлемге МӘМС жарналары мен аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және мүлік салығы кірді.

Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке кәсіпкерлерге бизнес жүргізу ыңғайлы болуы үшін онлайн-сервистерді, оның ішінде қаржытехкомпаниялармен және екінші деңгейдегі банктермен серіктестікте үнемі жетілдіріп отыратынын атап өтті.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев:
«Жеке кәсіпкер арнайы салық режимін өзі өзгерте алатынын атап өткім келеді. Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады: Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы, немесе қағаз тасымалдағышта (оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну арқылы). Таңдалған режимнің басталатын күні –хабарлама берілген айдан кейінгі айдың 1-і. Сондай-ақ кәсіпкер өзінің тіркеу деректерін Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы, немесе E-license электрондық лицензиялау арқылы өзгерте алады».

ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрайымы Айнұр Юсупова:
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық санаттағы азаматтар мен кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметтерді жақсарту және оңайлату бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруда. Біздің Kaspi.kz және Қаржы министрлігімен ынтымақтастығымыз Қазақстанда бизнесті жүргізуді айтарлықтай жеңілдететін ыңғайлы әрі тиімді құралдарды жасауға бағытталған.

Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа сервистің іске қосылуы – цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді жақсарту стратегиямыздың кезекті бір қадамы. Енді кәсіпкерлер салық режимін және өз бизнесінің басқа да реквизиттерін салық басқармасына бармай-ақ, бірнеше минутта өзгерте алады.

Біз мұндай бастамалар Қазақстанның цифрлық экожүйесінің одан әрі дамуына және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз».

Бұрын кәсіпкер өзінің салық режимін және ЖК реквизиттерін өзгерту үшін құжаттармен салық басқармасына баруы немесе салық төлеушінің кабинетінде өз деректерін ЭЦҚ арқылы өзгертуі қажет болатын.

Енді мұны Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде әлдеқайда жылдамырақ әрі ыңғайлырақ жасауға болады. Сервис тіркелген орны мен уақытына қарамастан, барлық ЖК-ге қолжетімді.

Қосымшада ЖК-нің атауы мен мекенжайын, салық органын, ЭҚЖЖ бойынша негізгі және қосымша қызмет түрлерін, салық режимін өзгертуге болады. Kaspi.kz қосымшасында реквизиттер өзгергеннен кейін 24 сағаттың ішінде мемлекеттік органдардың базасында деректер автоматты түрде жаңартылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с