Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қалай өзгерді?

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді.

«ОА» мұрағатынан

ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.

Күнбағыс май. Елде жыл басынан күнбағыс майының бағасы 15% арзандаған. Былтыр тамызда күнбағыс майының 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.

Пияз. Пияз бағасы былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.

Қырыққабат. Қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.

Қант. Былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.

Сәбіз. Сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.

Қарақұмық жармасы. Қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.

Бидай ұны. Бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі  2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.

«ОА» фотоқорынан

1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.

Анықтама: 2023 жылдың тамыздың алғашқы аптасы мен 2024 жылдың тамыздың бірінші аптасындағы бағалар салыстырылды

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 2024 жылдан бастап ұн мен күріш, нан мен сүт, картоп пен жұмытқа бағасын реттемейді. Яғни енді бұл азық-түлік түрлеріне шекті баға белгіленбейді.

Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің хабарлауынша, баға мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөніндегі Жол картасына сәйкес, келер жылдан 9 азық-түлік түріне шекті баға енгізілмейді. Өйткені жергілікті нарықты отандық өндіріс 100 пайыз қамтып отырған көрінеді. 

Курсив

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с