Оралдағы дүкендердің бірінде зеңді сервелат сатылған

Орал қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен 2024 жылдың 2 шілдесінде «МОТҚҚҚ» ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Ресейде өндірілген «Б» санатындағы жартылай ысталған сервилат өнімін сатып алған.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда денсаулықты қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек ҚР «Денсаулықты қорғау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексімен ғана емес, сонымен қатар ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы«, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұрынғы Кедендік одақ) техникалық регламенттерімен де қамтылған.

Тұтынушының сатушы мен өндірушінің тауар жайында уақтылы, толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету міндеттерін білуі өнімді сауатты таңдауға ықпал етеді.

Орал қаласында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі («МОТҚҚҚ» ҚБ) басты міндеті – халық тұтынатын тауарларға кешенді зерттеулер жүргізу болып табылатын әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін ақпараттық қызмет көрсетіліп, халықтың құқын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жасалады.

Орал қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен 2024 жылдың 2 шілдесінде «МОТҚҚҚ» ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Ресейде өндірілген «Б» санатындағы жартылай ысталған сервилат өнімін сатып алған.

Сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК санитарлық-гигиеналық зертханасының тамақтану бөліміне Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес кешенді зерттеулер жүргізу үшін тапсырылды. Фото: Биятан Жанна

2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 1240001022927856/278 тамақ өнімдерінің үлгісін зерттеу хаттамасына сәйкес, органолептикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, зерттеу нәтижесінде өнімнің бетінде бұзылу белгілері, атап айтқанда, үстінде көптеген зең (көгеру белгілері) дақтары бар екені анықталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 30 желтоқсанындағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығы, 5 тарау, 21-тармақ, 2-тармақшасы негізінде сапасыз (бұзылу, ыдырау, ластану) белгілерінің болуына байланысты бұл өнімге қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Зең деген не және ол тұтынушы денсаулығына қандай қауіп төндіруі мүмкін?

Зеңдер патогенді микроорганизмдердің III-IV тобына жатады. Зең тыныс алуда немесе теріге тию кезінде денсаулыққа зиянын тигізеді. Ол аллергиялық аурулар (барлық түрі – бронхит, ринит, дерматит, астма…) мен терең микоздарды да (ішкі органдардың көгерген саңырауқұлақтармен зақымдауы) тудыруы мүмкін.

Көгерген тағамдарды жеу денсаулыққа ауыр зардабын тигізеді. Азық-түлікте пайда болған көгерулер өсу кезінде пайда болатын микроскопиялық саңырауқұлақты токсиндердің ерекше түрі – микотоксиндерді шығарады.

Микотоксиндердің кейбір түрлері жүрек айнуын, құсуды және диареяны тудыруы мүмкін. Басқалары ағзада қалып қояды да, жинақтала келе одан да ауыр ауру түрлерін (бауырдың зақымдануы; тыныс алу проблемалары; онкологиялық) тудыруы мүмкін.

kaz.nur.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-13
Утром12.53 ℃
Днем23.71 ℃
Вечером23.73 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.12 м/с
2024-09-14
Утром13.87 ℃
Днем25.49 ℃
Вечером24.82 ℃
Ночью18.03 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.43 м/с