БҚО-да 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады

Сонымен қатар, бұл мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады.

«ОА» мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін су қоймасы салынады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында 28 млн текше метр су жинайтын Жалпақтал су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге және лиманды суару алаңын 12 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов хабарлады.

Биыл «Қазсушар» филиалы Батыс Қазақстан облысында 146 мың га лиман мен табиғи жайылымды суаруға 562 млн текше метр су жіберді.

Бүгінгі таңда мекеме тұтынушылармен су беру туралы 210 келісімшарт жасады, оның 197-і жергілікті шаруалар. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін кәсіпорын 15,8 млн текше метр, ал санитарлық-экологиялық іс–шараларға 22,9 млн текше метр су жіберді.

БҚО бойынша «Қазсушар» филиалы 13 гидротехникалық құрылысты жөндеп, Киров су қоймасын реконструкциялау жұмысын жүргізді. Сондай – ақ, Шаған өзені, Көшім магистральдық арнасы мен 67,6 шақырым каналды механикалық әдіспен тазалады, – деді БҚО бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да 39 су қоймасының 15-і қанағаттанарлықсыз жағдайда

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-08
Утром20.72 ℃
Днем26.35 ℃
Вечером29.26 ℃
Ночью22.1 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра3.24 м/с
2025-07-09
Утром20.58 ℃
Днем29.71 ℃
Вечером31.07 ℃
Ночью24.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.06 м/с