Оқушыларға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес оның үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады.

Ашық дереккөзден

Петицияға арналған платформада мектеп оқушылары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға толықтырулар енгізу туралы ұсыныс пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес оның үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады. Мектеп формасы қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

Қазақстанда ұлдардың мектеп формасы келесідей:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы төмендегідей:

пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Енді аталмыш петицияда оқушыларға тізеден төмен түсіп тұратын белдемше мен декольтені, яғни кеуденің жоғарғы тұсын жауып тұратын блузка кию туралы талапты енгізу ұсынылады. 

Ұсынылған толықтыруларды қабылдау қоғамды тұрақсыздандыратын көптеген манипуляцияның алдын алуға септеседі. Нәтижесінде міндетті мектеп формасы туралы дау-дамайға нүкте қоюға, мемлекетіміздің зайырлы негіздерді нығайтуға болады, – делінген петицияда.

Петицияның толық нұсқасымен танысу үшін сілтемеге өтуіңізге болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром23.69 ℃
Днем32.06 ℃
Вечером31.82 ℃
Ночью21.95 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.59 м/с
2025-07-17
Утром18.86 ℃
Днем24.8 ℃
Вечером26.65 ℃
Ночью20.85 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра5.2 м/с