Оралда қайда жасалғаны белгісіз кондитерлік өнім сатылған

Әлеуметтік жоба аясында, Орал қаласындағы дүкендердің бірінде құпия сатып алушы әдісімен салмағы 80 грамм болатын HARiBO Sguishy кондитерлік өнімін сатып алынды.

Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, таңбалауы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім қауіпті деп саналады.

Тұтынушы қауіпсіз және сапалы тауарды сатып алуға, сондай-ақ тауарлар, сатушылар, өндірушілер туралы шынайы ақпарат алуға және басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Әлеуметтік жоба аясында, «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі 2024 жылдың 2 шілдесінде Орал қаласындағы дүкендердің бірінде құпия сатып алушы әдісімен салмағы 80 грамм болатын HARiBO Sguishy кондитерлік өнімін сатып алды.

Сатып алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігін байқауға кешенді зерттеуге тапсырылды.

2024 жылдың 10 шілдесіндегі Ұлттық сараптама орталығының сынақ хаттамасына сәйкес №1240001022927809/277, белгісіз шығу тегі бар өнімнен техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар сәйкессіздіктер анықталды. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдерінде көрсетілмеген: тағамдық өнімнің атауы, оның құрамы, мөлшері, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, ұйымның атауы және орналасқан жері, пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО қолдануымен алынған құрамдас бөліктердің бар-жоғы туралы мәліметтер, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісі, Кеден одағы техникалық регламентінде қарастырылған жағдайларда тағам өнімінің қаптамасын таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сай қазақ және орыс тілдерінде болуы керек, бірақ қазақ және орыс тілдерінде ақпараттар берілмеген.

Осылайша, бұл өнімнің техникалық регламентке сәйкес келмейтін белгілері бар деп санаймыз.

Өнімнің таңбалануының техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеуі тұтынушыларды өнімге қатысты дұрыс ақпараттандыруға айтарлықтай кедергі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының (25-бабы) негізінде сатушы (өндіруші, орындаушы) тауар туралы ақпарат беру міндетін мойнына алады.

Бұл міндет тауардың атауынан бастап, егер тауар техникалық регламенттермен, стандарттау құжаттарымен және басқа да құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкестікті растау рәсіміне жатқызылса, сәйкестік белгісіне дейінгі кең ауқымды ақпаратты қамтиды. Оған тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері, тағамдық, биологиялық, энергетикалық құндылығы, кейбір ауруларға қолдануға қарсы көрсетілімдері, өндірушінің атауы, оның орналасқан жері және т.б. кіреді, сондай-ақ тұтынушыға сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік декларациясын, оның ішінде міндетті сәйкестікті растауға жататын импорттық тауарды ұсынуды қамтиды.

kaz.nur.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером22.56 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.29 м/с
2024-09-10
Утром17.98 ℃
Днем27.63 ℃
Вечером26.61 ℃
Ночью22.19 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.02 м/с