Жүргізуші жолға шығар алдында медициналық куәландырудан өтуі керек – министр

Министр жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті нарық құру қажеттігін атап өтті.

«ОА» мұрағатынан

Көлік министрі Марат Қарабаев inDrive сервисінің негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы маусымның басында inDrive, Көлік министрлігі және Ішкі істер министрлігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

inDrive басшысының ақпаратына сәйкес меморандум аясында қала ішіндегі және қалааралық тасымалдарда қауіпсіздікті арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүргізілуде.

«Платформаның жүздеген жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережелері мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар тамыз айының басында Алматы-Қонаев тас жолының қауіпті учаскесінде жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбына билбордтар орналастырылды», – делінген хабарламада.

Платформа өкілі компания осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ниетті екенін айтты.

Сондай-ақ inDrive, ҚР Көлік министрлігі және ІІМ арасында жылдамдық режимі бойынша деректер алмасу мәселесі талқыланды.

Көлік министрлігінің баспасөз орталығы

Министр таксомоторлық тасымалдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың қажет екендігін атап өтті:

– жүргізуші жолға шығар алдында медициналық куәландырудан өтуі керек, еңбек және демалыс кестесін және жылдамдық режимін сақтауы тиіс;

– таксомоторлық тасымалдарға тартылған автокөлік міндетті түрде Қазақстанда тіркеліп, жылына екі рет техникалық байқаудан өтуі тиіс.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-20
Утром12.13 ℃
Днем21.23 ℃
Вечером19.19 ℃
Ночью15.53 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.64 м/с
2024-09-21
Утром10.14 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером20.44 ℃
Ночью15.72 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.45 м/с