Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеріс болады

Рейстерді кешіктіру жағдайлары жиілеп, жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты шағымдар көбейген.

lada.kz

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшақтардың жиі кешігуіне байланысты Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ҰШАҚТЫҢ КЕШІГУІ, ҰШУДЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды, — деп хабарлады комитет.

Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.

Еске сала кетсек, осы соңғы екі айда Fly Arystan  компаниясына қатысты келеңсіз оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, компанияға 11 шілдеде Алматы-Қарағанды рейсінің жолаушыларын қонақ үйге орналастырмай, оларға трансфер ұйымдастырмағаны үшін 3 692 000 теңге айыппұл салынды. Одан кейін FlyArystan авиакомпаниясы кәмелетке толмаған жолаушыны рейске жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жақында компания тағы айыппұл төледі. Бұл жолы FlyArystan-ға Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) Әкімшілік кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы аптада FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіне жіберілмеген 12 жастағы қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесіп, отбасыдан кешірім сұрады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бала құқығын бұзудың айқын көрінісі»: Оқу-ағарту министрлігі өкілдері FlyArystan дауына қатысты пікір білдірді

Қызды ұшаққа жібермеген: FlyArystan басшысы кешірім сұрап Оралға ұшып келді

Fly Arystan компаниясы ұшаққа отыруға жіберілмеген қыздың анасына 4 млн теңге ұсынған

«Өрескел жағдай»: ААК FlyArystan-ды баланы тастап кеткені үшін жазалауға уәде берді

Уақыт белдеуінің өзгеруі: көлік министрлігі рейстер кестесіне қатысты мәлімдеме жасады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с