Қазақстан билігі газ тапшылығына қоса мұнай шикізатының жетіспеушілігі қаупі орын алуы мүмкін екенін ескертті

Халықаралық сарапшылар 2017 – 2022 жылдар аралығында игеру және барлау сатысындағы кен орындарында өндіру болжамы да 65 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін төмендегенін атап өтеді.

Қазақстан билігі газ тапшылығына қоса мұнай шикізатының жетіспеушілігі қаупі орын алуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Жыл сайын Қазақстанда Мұнай өндіру перспективалары үмітті ақтамауда. Бүгінгі таңда, өзекті болжамға сәйкес, ірі кен орындарындағы өндірістерді жаңғыртуды ескере отырып, өндірудің ең шарықтау деңгейі 2030 жылға дейін 104 млн тоннаны құрайды. Жұмыс істеп түрған ірі кен орындарының ішінде өндірістің негізгі төмендеуі Қашағанға қатысты болжануда: 2021 жылғы өндірісінің ең жоғары күтілетін көлемі 2017 жылғы болжамға қатысты 40%-ға қысқарды.. (…) Орта мерзімді перспективада 2024-2025 жылдары күтілетін газ тапшылығына қосымша мұнай шикізатының жетіспеушілігі қаупі орын алуы мүмкін, өйткені жергілікті сұранысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындары тобы қанағаттандырады», – делінген 2029 жылға дейінгі Қазақстан дамуының ұлттық жоспарында.

Құжатта атап өтілгендей, басқа кен орындарының едәуір бөлігі сарқылу үстінде.

«Мысалы, халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес 2030 жылға қарай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының бірқатар ірі компаниялары бойынша мұнай өндірудің деңгейі 15 – 30%-ға төмендеуі күтілуде. Мұндай жағдайларда өндіруді орнықты төмендету және сарқылатын кен орындарын жабу мәселесі экологиялық жағынан да, әлеуметтік жағынан да маңызды болып отыр», – делінген құжатта.

Құжатты әзірлеушілердің ақпарынша, мұнай мен газ өндіру Қазақстан экономикасына қосатын жоғары үлесін сақтап отыр: 2022 жылдың қорытындысы бойынша саланың жалпы қосылған құны (бұдан әрі – ЖҚҚ) ЖІӨ-нің 11%-ын құрады, бұл ретте сектордың тауарлардың жалпы экспортындағы үлесі 50%-дан, инвестициялардың таза ағынында – 40%-ға жуықтан асады.

«Халықаралық сарапшылар 2017 – 2022 жылдар аралығында игеру және барлау сатысындағы кен орындарында өндіру болжамы да 65 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін төмендегенін атап өтеді. Жаңа кен орындарын барлау мен игерудің тартымдылығы шикізатты ішкі нарыққа жеткізу бағасының белгіленуімен шектеледі. Ресурстық базаның шектелуінен басқа, шикізат тапшылығы қаупі Қазақстанда отын түтынудың өсуінің жеделдетілген қарқынымен ұшығуда. Дизель отынын жан басына шаққандағы орташа тұтыну (Мұнай өнімдеріне сұраныстың шамамен 30%-ы) көрші елдердің көрсеткіштерінен едәуір асып түседі. Бұдан басқа, Қазақстандағы отын бағасы өңірдегі және әлемдегі ең төмен бағалардың бірі болып саналады және 2025 жылы ЕАЭО шеңберінде мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын құру – жанар-жағармай материалдарының көрші елдерге кетуіне әкелуі мүмкін, бұл отынмен ішкі қамтуды одан әрі төмендетеді. IHS Markit талдау компаниясының бағалауы бойынша ағымдағы тұтыну траекториясы сақталған жағдайда, 2025 жылға қарай Мұнай өнімдеріне сұраныс 19 млн тонна өңделген Мұнайды құрайды және Мұнай өндеу зауыттарының (Бұдан әрі – МӨЗ) қуатынан асып түседі», – делнген Ұлттық жоспарда.

Құжатқа сәйкес, Транскаспий және Қытай бағыттары бойынша қосымша жеткізу дәліздерін дамыту үшін бірқатар мүмкіндіктер байқалады.

«Ақтау порты арқылы мұнайды ағымдағы тиеп жөнелту порттың техникалық қуаты жылына 7 млн тоннаны қүрайтын (бос көлемі – 4,8 млн тонна) жағдайда, жылына 2,2 млн тоннаны құрайды,. Атасу – Алашанькоу Мұнай құбыры арқылы, 10 млн тонна транзитті қоса алғанда, жылына шамамен 11 млн тонна мұнай айдалады. Бұл ретте аталған мұнай құбырының техникалық мүмкіндігі жылына шамамен 17,5 млн тоннаны құрайды (бос көлемі – 6,5 млн тонна», – деп атап өтті авторлар.

Олардың айтуынша, газ тасымалдау жүйесінде қолда бар шектеулер негізінен ішкі тұтынуға арналған тасымалдауға қатысты.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбыры және жерасты газ қоймалары сияқты бірқатар негізгі инфрақұрылым нысандарының қатты тозуы мен жоғары жүктемесі байқалады», – делінген құжатта.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с