Батыс Қазақстан облысында 16 мектеп апатты жағдайда деп танылып отыр

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде 1 359 балалар мен жасөспірімдер мекемесін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.

«ОА» мұрағатынан

Департамент басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, қазіргі таңда облыс бойынша 16 мектеп апатты жағдайда деп танылған.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжайық ауданында М.Өтемісов атындағы жалпы орта білім беретін, Казталовта Қоныс және Сатыбалды ауылының негізгі мектептері, Бөрліде № 1 орта мектеп, Пугачев мектеп-бөбекжай кешені, Кеңтүбек, Жәнібекте А.Оразбаева, Ғ.Қараш атындағы, Тегісшіл орта мектебі, Қаратөбеде Жақсыбай, Төлендегі негізгі мектептер, Тасқалада Айнабұлақ мектебі, Орал қаласында М.Мәметова атындағы № 27 және № 43 орта мектеп ғимараты талапқа сай келмейді. Төтенше жағдайлар туралы есептерді уәкілетті орган ұсынған.

«Сонымен қатар өткен оқу жылында облыс бойынша 10 білім беру ұйымы үш ауысымдық оқыту режимімен жұмыс істеген. Атап айтқанда, Орал қаласында № 20, 24, 30, 38, 49 орта мектептер, эстетикалық бағыттағы гимназия, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы № 7 орта мектеп, Бәйтеректегі Трекин орта мектебі және Қ.Мырзалиев атындағы қазақ орта мектебі және Теректідегі Подстепный қазақ орта мектебі осы тізімге кіреді. Өңірде аталмыш мәселені шешу мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 орта мектептің құрылысы жоспарланса, олардың тоғызы биыл салынуда», – деді М.Арыспаев.

Департамент басшысының айтуынша, өңірде балалардың жазғы демалысына орай 18 сауықтыру лагері ашылды. 

«Балалар лагерьлерінің барлығы ашылар алдында нысанның нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алды. Олардың бәріне ай сайын білім беру бөлімдерімен бірлесе отырып, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Күні бүгін 8 лагерь өз жұмысын аяқтады, бұл мекемелерде балалар арасында тамақтан улану деректері тіркелген жоқ», деді департамент басшысы. 

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с