Оралда тұрғындардың мүлкін ұрлаумен айналысқан күдікті құрықталды
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 4 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкі мен велосипедтерін ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған Орал қаласының 30 жасар тұрғынын ұстады.
Күдікті шілде айының соңында өзімен көршілес тұратын әйелге тиесілі “Stells” маркілі велосипедін ұрлаған. Шығын сомасы 140 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ 6 тамызда күдікті саяжай қоғамдарының бірінің гаражына кіріп, сол жерден 1983 жылы туған Орал қаласының тұрғынына тиесілі “Richman “ маркалы велосипедті және құрал-саймандарды ұрлап кеткен. Шығын 200 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар ол саяжай қоғамдарының аумағында ұрлықпен айналысты деп айыпталуда.
Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 4 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оның басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
