Мыңдаған отбасының кірістері мен шығыстары тексеріледі

Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алуға SMS-хабарлама жіберуді көздейді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Мемлекет басшысы азаматтардың шығынын ескеріп, АӘК көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойған болатын. Осыған байланысты отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдаланып, АӘК трансформациясы күтіледі.

Министрліктің әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманованың мәліметінше, бүгінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігі пысықталып жатыр. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу, оқу ақысы мен қосымша білім алу, демалыс пен ойын-сауық, сауықтыру шығындары, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алу, кредиттерді өтеу және т.б. сияқты шығыстардың түрлерін көздеу жоспарланған.

«Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алуға SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізу туралы емес. Тексерулер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізіледі», — деді Айнұр Әбдірахманова.

АӘК тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Ведомство мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасының 372 мыңға жуығы атаулы әлеуметтік көмек алған. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 миллиард теңге қарастырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером10.74 ℃
Ночью5.89 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром3.74 ℃
Днем9.16 ℃
Вечером11.72 ℃
Ночью8.73 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.88 м/с