Батыс Қазақстанда Жезбұға көлінде балық қырылды

Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі Қызылжар елді мекені маңында Жезбұға көлінде балықтың қырылғаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. 

Фото: Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, Жезбұға көлінің жағасында балық қырылып қалған. Осы көлден ауыл адамдары балық аулайды, суға түсіп, мал суарады. Сондықтан оның қауіпсіз болғаны керек.

Шағатай ауылдық округінің әкімі Рүстем Мүтиевтің айтуынша, Жезбұға көліне 1994 жылдан бері су келмеп еді. Биыл су мол келіп, жақсы болып қалды.

«Бұған дейін біздің ауыл маңында Кіші Бобровый көлінде де осындай жағдай болып, шабақтар өлді. Енді Жезбұға көлінде шабақтар қырылғанын тұрғындар хабардар етті. Негізінен мөңке шабақтары, шортанның шорағайлары өлген. Мұның себебі, судың астында балдыр көп, содан тұншығып қалған секілді. Үлкен Бобровый көлінде де балық өлген деп естідім. Қазіргі кезде мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», – деді Р.Мүтиев.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев судың құрамын тексеруге мамандардың жіберілетінін жеткізді.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың мәлім еткеніндей, Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері өлген балықтарды жинап алған.

«Балық инспекциясының ихтиологтары патологиялық материалды алып, зерттейді. Содан кейін балықтың неден өлгені анықталады», – деді Н.Рахымжанов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да балық шабақтары құтқарылды

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с