Сарапшылар жүрілген көлікті сатып алған кезде жіберілетін қателерді атады

Сарапшылар ескі көлікті таңдау кезінде сатып алушылар жіберетін негізгі бес қатені анықтады. 

Ашық дереккөзден

Олар көлікті техникалық жағынан, заңды жағынан  тексеру барысында мән беру керек нәрселерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Autonews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Fit Service автосервис желісінің техникалық директоры Никита Родионов ескі көлікті сатып алу кезінде жіберетін негізгі бес қатені анықтады.

Бояуын тексеру

Көптеген адамдар пайдаланылған көлікті тексеру үшін қалыңдығын өлшейтін құралды алып, көліктің сыртын қарай салады екен. Дегенмен олар көлікті  бояйтын көптеген кузов қызметтері бар екенін ескермейді.

«Қалыңдық өлшегіш көлік боялмаған деп көрсетеді, ал шын мәнінде ол боялған. Сонымен қатар элементті жай ғана жаңасына ауыстыруға болады, құрылғы бұл кезде де ештеңе көрсетпейді», – деді Родионов.

Сарапшы құрылғыға сеніп қалмай, автокөлікті кәсіби қызмет көрсету станциясында тексеруді немесе сарапшыларды тартуды ұсынды.

Автокөлік сарапшысы Максим Минеев қалыңдық өлшегіш бөліктің боялғанын көрсететін ұсақ бөлшектерді көрсетпеуі мүмкін екенін айтты.

«Кейде алюминий қалпақшаның орнына болатты қояды. Ол, әрине, арзанырақ және бір қабатта боялған, бастапқы бөлігі сияқты қалың. Қымбат қалыңдық өлшегіш қана бөлшек қай материалдан жасалғанын көрсетеді», – деп атап өтті Минеев.

Техникалық жағдайы

Fit Service автосервис желісінің техникалық директоры ескі көлікті таңдау кезінде сақ болуға шақырады. Сатып алушылар көбіне техникалық мәліметтерді техникалық қызмет көрсету станциясында тексермей, тек онлайн қызметтерге назар аударады.

«Тек кәсіпқойлар автомобильдің негізгі бөлшектері мен жүйелерінің жарамдылығын бағалай алады, сонымен қатар болашақ жөндеуге кететін шығындардың сметасын ұсына алады», – деп түсіндірді Родионов.

Онлайн-қызметтер жариялайтын жөндеу құнын есептеу өте дәл, бірақ олкөліктердің есебін жүргізетін қызметте жөндеген жағдайда ғана жететінін ескерген жөн.

Автокөліктің заңды тазалығы

Танымал дерекқорлардағы тексеруден басқа, сарапшылар нотариаттық палатаның деректер базасына баруды ұсынады, өйткені онда жол полициясындағы кепілдіктер мен шектеулер туралы ақпарат бар.

VIN нөмірін тексеру

Көлікті сатқан кезде кейбірі көліктің жалған VIN нөмірін көрсетеді, сондықтан оларды тексеру кезінде нақты көлікпен тексеру қажет.

Қарапайым сатып алушыға оның түпнұсқалығын анықтау қиын. Нөмір жалған болса, көлік тіркелмейді, сондықтан автосарапшы Минеев көлікті сатып алғанға дейін жол полициясына қайта тіркеуге өтініш беруді ұсынады.

Маңызды емес мәліметтер

Родионов сатып алушылар көбіне ең маңызды емес нәрселерден мін іздеуі мүмкін екенін атап өтті. 

«Мысалы, рөлдің тозуы көліктің көп жүрілгенін көрсетеді деп ойлайтындар бар. Бұл – қате түсінік. Көптеген автомобиль модельдерінде рөл дөңгелегіндегі былғары 50-100 мың километрден астам жерде тозуы мүмкін. Ал сатып алушылар бұл 200-300 км деп ойлайды», – деді Родионов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с