Қазақстандықтар несие алу үшін биометриялық деректерін тапсыруға міндеттеледі

Бұл нормалар қаржы ұйымдарын халыққа кредиттер беру кезінде, оның ішінде фотосуреттерді немесе алдын ала жазылған бейнероликтерді пайдаланудан қорғай отырып, толыққанды биометриялық идентификаттау өткізуге міндеттейді.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарын (МҚҰ) несие беру кезінде толық биометриялық сәйкестендіру жүргізуге міндеттейтін қаулы қабылдады.

«Қаулыда биометриялық деректерді пайдалану және қорғау қағидаттары, бет бейнесі бойынша биометриялық идентификаттау өткізу тәртібі, идентификаттау деректерін алу және бейненің дұрыстығын тексеру рәсімдері, идентификаттау деректерін беру кезінде байланыс арналарын шифрлауды қамтамасыз ету бойынша талаптар, сондай-ақ биометриялық идентификаттаудың бүкіл процесін құжаттау тәртібі белгіленеді”, – делінген агенттік хабарламасында.

Жаңа ереже банктер мен микроқаржы ұйымдары интернет арқылы онлайн несиелер мен микрокредиттер берген кезде қолданылады.

«Бұл нормалар қаржы ұйымдарын халыққа кредиттер беру кезінде, оның ішінде фотосуреттерді немесе алдын ала жазылған бейнероликтерді пайдаланудан қорғай отырып, толыққанды биометриялық идентификаттау өткізуге міндеттейді. Биометриялық идентификаттау өткізу нәтижелері ресми түрде құжатталады, бұл оларға кредиттер ресімделген жағдайда, азаматтарды қосымша қорғауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с