БҚО-да үш жыл ішінде 20 миллиард теңгеге электр желілері мен жабдықтарын жаңартпақ

Қазіргі уақытта 12 жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мирас Мүлкай облыс бойынша электр беру желілері мен қосалқы станциялардың негізгі бөлігі 80,67% — ға тозғанын айтады. 2024 жылдың басынан бастап 422 апаттық өшіру фактісі тіркелді.

— Жыл сайын «Батыс Қазақстан ЭЖТК» ЖШС өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылы «Батыс Қазақстан ЭЖТК» ЖШС 500 миллион теңгеге әртүрлі кернеу класындағы 594,58 шақырым электр желілерін, 19 қосалқы станция мен 214 толық трансформаторлық станцияны жөндеуді жоспарлады. Қазіргі уақытта 79,6 миллион теңгеге 91,25 шақырым электр желілері, 7 КС және 12 КТП жұмыстары аяқталды. «Тарифті инвестицияларға айырбаста» жаңа тарифтік саясаты шеңберінде «Батыс Қазақстан ЭЖТК» ЖШС-нің 2024-2028 жылдарға арналған 602,3 миллион теңгеге бекітілген инвестициялық бағдарламасы жаңа іс-шаралар енгізіле отырып, 874,3 миллион теңгеге өзгертілді. Инвестициялық бағдарлама бойынша 17,9 миллион теңгеге 4 бірлік трансформатор және бір бірлік радиорелелік станция сатып алынды, — деді Мирас Мүлкай.

2024 жылы «Батыс Қазақстан ЭЖТК» ЖШС үшін бірінші кезектегі арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1,9 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 58 бірлік арнайы техниканы (автокран, ершікті тартқыш, жылжымалы электротехникалық зертхана) сатып алу көзделген. Бүгінгі таңда 53 техника сатып алынып, жеткізілді. Оның ішінде 19 бірлік техника аудан әкімдіктеріне теңгерімге берілді.

Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының айтуынша, электрмен жабдықтау желілері мен жабдықтардың тозуын азайту үшін үш жыл ішінде жалпы сомасы шамамен 20 миллиард теңгеге 2019,5 шақырым электр желілері мен жабдықтарын қайта жаңарту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта 12 жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Бұл іс-шаралар, Мирас Мүлкайдың айтуынша, тозу деңгейін 62% — ға дейін төмендетеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-17
Утром1.45 ℃
Днем0.65 ℃
Вечером-7.07 ℃
Ночью-10.22 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра10.42 м/с
2026-02-18
Утром-11.83 ℃
Днем-8.38 ℃
Вечером-8.82 ℃
Ночью-10.21 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.03 м/с