Көш басында Ресей: Қаржы министрлігі қай елдерде мемлекеттік қызметкерлердің мүлкі көп екенін айтты

 Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың 2203 қызметкерінің шетелдік жылжымайтын мүлкі бар. 

Ашық дереккөзден

Қазақстандық шенеуніктерге тиесілі жылжымайтын мүлік көлемі Ресейде ең көп болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шетелде 2877 үй, пәтер, жер учаскелері мен коммерциялық үй-жай алғанын мәлімдеді. Сатып алынған үйлердің 77%-ы Ресейде.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың 2203 қызметкерінің шетелдік жылжымайтын мүлкі бар. Жалпы алғанда 2646 үй мен пәтер, 217 жер телімі және 14 коммерциялық үй-жай бар.

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің ең көп жылжымайтын мүлкі мына елдерде:

  • Ресейде 2218 жылжымайтын мүлік;
  • Түркияда 185 нысан;
  • Қырғызстанда 45 нысан;
  • Болгарияда 44 нысан;
  • Біріккен Араб Әмірліктерінде 42 нысан.

Алайда меншіктердің құны, сондай-ақ олардың иелерінің жұмыс орны мен лауазымы белгісіз. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл ақпарат декларацияны толтыру кезінде көрсетілмеген.

Жыл басында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері шетелдік банктердегі есепшоттарындағы 100 миллиард теңгеден астам қаржыны декларациялағаны хабарланған. Олардың көбі Ресейде, АҚШ-та және Францияда ашылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.33 ℃
Вечером22.85 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с