Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов – Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. Қаза тапқандардың бірі Қазталов аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары.

Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.

Қаза тапқандар арасында Қазталов полиция басқармасының бірінші орынбасары, полиция майоры Мәрлен Қарабаев бар. Жол апатынан оның әйелі де көз жұмды. Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалды.

Сондай-ақ көліктегі жолаушылардың сыныптастары екені белгілі болды. Салонда тағы бір ерлі-зайыпты болған. Олардың жеті баласы бар.

Батыс Қазақстан полициясы қайғылы оқиғаға түсінік берді:

«ГАЗ-3102″ автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған КАМАЗ көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала».

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қайғылы оқиғадан полиция қызметкері мен оның жұбайы қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром12.66 ℃
Днем22.07 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.05 м/с
2025-05-18
Утром14.92 ℃
Днем22.47 ℃
Вечером23.29 ℃
Ночью19.07 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.21 м/с