Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 568 адам әлі үйіне оралған жоқ

Қалада және аудандарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 775 үй салынып жатыр.

Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің 568-і әлі күнге дейін эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Анар Бисенованың айтуынша, биыл өңірде су тасқынына байланысты 150 шақырым қорғаныс бөгеті тұрғызылды,1,5 миллион қап төселді.

84 елді мекен үлкен судан құтқарылды. 14000-нан астам адам эвакуацияланды, олардың 5000-нан астамы балалар.

«Бүгінгі күні уақытша орналастыру пункттерінде 568 адам, оның ішінде 235 бала бар. Өңірде ірі су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жайық бойындағы саяжай алаптарында, мысалы, бірінші учаскеде («Стеновик»бау-бақша серіктестігі) су сорылып жатыр. Барлығы 12 миллион текше метр су сорылды», – деп түсіндірді Анар Бисенова.

БҚО ТЖД бастығының орынбасары облыстың ТЖ салдарын жоюға шамамен 18 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Қалада және аудандарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 775 үй салынуда. Бұл жұмыстарға 56 жергілікті мердігер ұйым тартылды. Қазіргі күні 70% жұмыс аяқталған.

Айта кетері, осы жылдың басынан бастап облыс бойынша 14 табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды (қатты желдің салдарынан электр қуатының үзілуі, шатырдың ұшуы, су тасқыны жағдайы, жемшөптің жетіспеушілігі).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-22
Утром9.99 ℃
Днем19.9 ℃
Вечером20.06 ℃
Ночью15.29 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.04 м/с
2025-05-23
Утром12.17 ℃
Днем19.01 ℃
Вечером19.33 ℃
Ночью13.61 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.68 м/с