Медицина қызметкерлеріне қарсы әрекет еткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Дәрігерлерді қорғауды күшейту мақсатында министрлік медицина мамандарының кәсіби қызметіне кедергі келтіргені және оларға қарсы қылмыстық әрекеттер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуге бастама көтерді.

Ашық дереккөзден

Медицина қызметкерлеріне қарсы әрекет еткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндеттерін орындау барысында медицина қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасауына байланысты медицина мамандарының қызметіне кедергі келтіріп, оларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуді ұсынды.

ДСМ мәліметінше, 2019 жылдан бері медицина мамандарына 161 рет шабуыл жасау фактілері тіркелген. Ал биыл мамыр айында Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне оны шақырған адамдар қол көтеріп, пәтерінде қамаған. Қарағандыда қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел жәрдем қызметкерін аяусыз ұрып-соққан. Теміртауда да жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі таяқ жеп, тоналған.

Бүгінгі таңда оларға қол тигізуден қорғау қолданыстағ заң аясында жүргізіледі (Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс).

Дәрігерлерді қорғауды күшейту мақсатында министрлік медицина мамандарының кәсіби қызметіне кедергі келтіргені және оларға қарсы қылмыстық әрекеттер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуге бастама көтерді. Сол үшін 2024 жылдың 12 сәуірінде денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспар бекітілген.

Бас прокуратурамен бірлесе Қылмыстық кодекске өзгерістер әзірленді, онда медицина мамандарына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекске «Медицина қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру» және «Медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету» деген жаңа баптар енгізу ұсынылып отыр.

Бұл қадамдар медицина қызметкерлерін қорғауға және қауіпсіз жұмыс орнын құруға бағытталған деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-11-10
Утром1.64 ℃
Днем3.47 ℃
Вечером4.99 ℃
Ночью1.7 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра7.87 м/с
2024-11-11
Утром1.88 ℃
Днем0.58 ℃
Вечером-1.59 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.4 м/с