Қазақстандықтар толық дерлік интернет-банкингке көшті

Қолма-қол ақшасыз транзакцияларды жүргізудің ең танымал тәсілі – интернет және мобильді банкинг.

Ашық дереккөзден

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы жасаған транзакцияларының үлесі қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде 90%-ға жетті, деп хабарлайды Orda.kz.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктердің төлем карталарын пайдалану арқылы 84,9 трлн теңгеге 6,1 млрд транзакция жасалды. Қазір қолма-қол ақшасыз әдіспен жасалған операциялардың саны мен көлемі сәйкесінше 13,6% және 16,0% өсіп отыр. Төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшаны беру бойынша тиісінше 3,6% және 12,8% өсім (жалпы көлемі 12 трлн. теңге) тіркелді.

Бұл ретте жалпы сомада қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 98%, жалпы ақшалай көлемде – 85,8% болды.

«Қолма-қол ақшасыз транзакцияларды жүргізудің ең танымал тәсілі – интернет және мобильді банкинг. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырған транзакцияларының үлесі қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде 90%-ға жетті. Күн сайын осы әдіспен 359,9 миллиард теңгеден астам сомаға 26,3 миллионнан астам транзакциялар жүзеге асырылады»,  деп атап өтті Ұлттық банк. 

QR коды арқылы төлеу де танымал бола бастады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,3 триллион теңгеге 1,5 миллиард осындай транзакция жасалды, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 3,2 есеге артық. Тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған құрылғылар саны да артып келеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында POS-терминалдар 24,6%-ға өсті (жалпы саны 1,16 млн.).

«Сонымен қатар, төлем инфрақұрылымында кәсіпкерлер мен сауда субъектілерінің саны 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тиісінше 20,5%-ға (жалпы саны 846,6 мың бірлік) және 26,1%-ға (жалпы саны 1,1 млн бірлік) өсіп, тұрақты өсуді көрсетеді», деп толықтырды Ұлттық банк. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром23.68 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с