Оралда балаларды психологиялық қолдау орталығы жұмысын бастайды
Оралдағы балаларды психологиялық қолдау орталығы Жәңгір хан көшесі 54А мекенжайында орналасқан.

ҚР Білім министрлігінің мәліметінше, еліміздің барлық 20 өңірінде балаларды психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастады. Негізгі міндет-балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайту және сақтау үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру.
Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы атап өткендей, бұрын орталықтардың қызметін біріздендіру үшін бірыңғай модель бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленген болатын. Олар мамандардың міндеттерін, негізгі жұмыс бағыттарын, штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Материалдық-техникалық жабдықтауға және интерьер шешімдеріне ерекше назар аударылады.
– Бұл орталықтар педагог-психологтарға қолдау көрсетіп қана қоймай, ата-аналар мен балалар уақтылы және білікті көмек ала алатын маңызды орын. Балалар психологиялық қолдау сұрап қана қоймай, медициналық, заңгерлік және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл біздің балаларымыздың және жалпы қоғамның болашағына қосқан үлесі, – деп атап өтті министрлікте.
Естеріңізге сала кетейік, орталықтардың ашылуы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында қарастырылған.
Орал қаласында балаларды психологиялық қолдау орталығы Жәңгір хан көшесі 54А мекенжайында орналасқан. анықтама телефоны: 8 705 591 30 18.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығы ашылады
«111» байланыс орталығы әйелдер мен балалармен қалай жұмыс істейді