Келесі жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар қандай болады
Зейнетақы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% – ға ұлғаяды. ҚР Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады.

Сонымен қатар, 2025 жылы:
ең төменгі жалақы өзгермейді және сол 85 000 теңгені құрайды;
ең төменгі базалық зейнетақы – 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге);
зейнетақының ең төменгі мөлшері-62 771 теңге (қазір 57 853 теңге);
айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге (қазір 3 692 теңге);
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 46 228 теңге (қазір 43 407 теңге).