Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды

Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді назарға ала отырып, талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы алманың жалпы жиналуы 300 мың тонна деңгейінде болжануда. Жеміс-жидек өндірісінің мұндай көлеміне өткен жылдары бағбандық өсіру үшін көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді. 2024 жылы алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру күтілуде, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен жүктеу мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi.

Талқылау қорытындысы бойынша Қаржы министрлігінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП және мүдделі қауымдастықтармен бірге жаңа салық кодексінің ережелерін ескере отырып пысықтайды деген шешім қабылданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с