Енді ХҚКО-ға барудың керегі жоқ

ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады.

ашық дереккөзден

Азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылды. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.

ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады.

Пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. 

Сондай-ақ өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысқа шығады.
Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сервистерді жетілдіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған дейін біз жеке менеджерлер арқылы ХҚКО-да басым кезек арқылы қызмет алу мүмкіндігін іске асырған едік. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын үйге шақыртып, қызметті үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұл уақыт үнемдегісі келетін азаматтар үшін өте ыңғайлы сервис, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Еске сала кетейік, Конституция күні қарсаңында 30 тамыз, жұма күні халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с