Орал қаласында дроппер сотталды

Сотталушы 23 млн 122,5 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

Ашық дереккөзден

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға және бірнеше рет ескертулерге қарамастан, алаяқтар құрбандарының саны артып келеді. Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 23 алаяқ сотталды.

Мысалы, Орал қалалық сотында дроппер болып жұмыс істеген адамға үкім жарияланды. Ол алаяқтық арқылы алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады және өз әрекеттерін ақтауға тырысты. Оның айтуынша, ол ақшаның қылмыстық жолмен алынғанын білмеген.

Осыған қарамастан, сот оны кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

— Қала прокуратурасы азаматтарға қырағы және сақ болуға кеңес береді. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз немесе күдікті әрекеттерге тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сіздің назарыңыз бен сақтығыңыз-сіздің қаражатыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігінің кепілі, — деп атап өтті қадағалау органы.

Соңғы кездері интернет арқылы алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Бұл жалған интернет-дүкендер, фишингтік сайттар болуы мүмкін, мұнда пайдаланушыдан әртүрлі сылтаулармен банк картасының деректері немесе шоттардың құпия сөздері алынады.

Сондай-ақ алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бұзады, содан кейін достарының немесе туыстарының атынан көрсетілген шоттарға шұғыл ақша аударуды сұрайды.

Тағы бір түрі, алаяқтар азаматтарды жоқ ұтыстар туралы хабардар етеді, бірақ оны алу үшін әртүрлі «салықтарды» немесе «алымдарды» төлеуді талап етеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром10.8 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с