Орал халықаралық әуежайында ЖҰҚЖ жіктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында деформациялық жіктерді жөндеу басталды.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жөндеу жұмыстарын әуежай мамандары, сондай-ақ «ОралЖолСтрой» мамандандырылған ұйымының қызметкерлері жүргізуде.
Әуелі әуежай мамандарының күшімен жіктер тазаланған.
Әуежайдан түскен мәліметке қарағанда, бүгін мердігер ұйымның қызметкерлері жіктерді герметизациялауға кірісті. Жоспар бойынша қолданыстағы ұшу-қону жолағында 17 мың метрден астам қысу тігістері жөнделеді.
Әуежайдың өткізу қабілеті мен қалыпты жұмысын бұзбау үшін рейстер арасында арнайы бөлінген технологиялық «терезелерде» жұмыс істеу туралы шешім қабылданған.
«Жіктерді жөндеу – бұл бірнеше кезеңді қамтитын күрделі және ауқымды процесс. Ең алдымен қысу жіктерінің қолданыстағы тұмшалауышы бөлшектенеді. Одан кейін камераның қабырғаларын механикалық әдіспен тазарту, жікті сығылған ауамен үрлеу, жікті сумен шаю, тығыздағыш баумен толтыру жұмыстары атқарылады. Ол үшін көбікті полиэтиленнен жасалған ыстыққа төзімді тығыздағыш бау қолданылды. Жіктің қабырғаларын арнайы құраммен өңдегеннен кейін ол битум-полимерлі қоспамен толтырылады. Жұмыстың технологиясы мен сапасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне толық сәйкес келеді. Барлық пайдаланылатын материалдар сәйкестік сертификатына ие және әуеайлақтарды пайдалану және ағымдағы жөндеуге арналған материалдар тізбесіне енгізілген», – деп хабарлады ведомстводан.