Жетпегенін Қазақстаннан сұрай ма – Ресей мұнай өндірісі жөнінде мәліметті құпияландырды

Ресейде бір айда дизель отыны, сондай-ақ мазут пен басқа да мұнай өнімдері қаншалықты өндірілгені жөнінде статистиканы толық құпиялады.

Фото: Ашық дереккөзден

Ресейде мұнай өнімдерінің өндірісі жөнінде туралы ақпарат қолжетімді болмай қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Росстаттың мәліметі

Росстаттың елдегі өнеркәсіп өндірісінің жай-күйі жайлы соңғы есебінде бұл жөнінде бірде-бір сөз жазылмаған.

Аталған ведомство Ресейде бір айда дизель отыны, сондай-ақ мазут пен басқа да мұнай өнімдері қаншалықты өндірілгені жөнінде статистиканы толық құпиялады. Сондай-ақ, тұрақты газ конденсатын өндіру бойынша сандар да көрсетілмеген.

Бұл шешім Росстаттың өз шешімі емес, ол тек Ресей үкіметінің нұсқауларын орындайды. Ресей энергетика министрлігі бұл қадам «жоқ жерден шу туғызып, мұнай өнімдері нарығына негізсіз қысым жасамас үшін» жасалғанын түсіндірді, деп жазады РИА Новости. Биыл мамыр айында РФ энергетика министрлігі бензин өндірісі жайлы ақпаратты жариялауды тоқтатты. Мұның себебі де күрделі «геосаяси жағдай».

Украинаның дронмен шабуылы

Украина біршама уақыттан бері Ресейдің мұнай өңдеу базаларына дронмен шабуыл жасап жатыр. Биыл 9 мамырда Башқұрстанның Салават қаласындағы «Салаватнефтеоргсинтез» мұнай кешенінде өрт болды. Ресейдегі Mash және Baza телеграм-арналары дрондар шабуылынан өрт шыққанын жазды. 9 мамырға қараған түні дрондар Анападағы мұнай базасына шабуылдап, бірнеше резервуар өртенген. 4 тамыз күні түнде Қара теңіздегі Ресейдің Новороссийскідегі әскери теңіз базасына Украина теңіз дроны шабуыл жасап, Ресейдің «Оленегорский горняк» әскери кемесін істен шығарған. 5 тамызға қараған түні Керч бұғазына жақын жерде Ресейдің «Сиг» танкері дрон шабуылынан бүлінді. 

Кейінгі айларда Украинаның дрондары Ресей аумағындағы ондаған мұнай базасы мен мұнай өңдейтін зауыттарға шабуыл жасаған.

Азаттықтың хабарлауынша, батыс басылымдары бұл аптада Украина Қара теңізде Ресей кемелеріне дронмен шабуылдауды жалғастырса, бұл қазақ мұнайының экспортына қауіп төндіретінін жазды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с