БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады

26 тамыз күні Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, сонымен қатар «Орал – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында, есірткіні жасырумен айналысып жүрген 18 жастағы студентті ұстады.

Фото: полиция кз

Ол Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Оны жеке тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет табылып, тәркіленді.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Ұсталған кезде бұл жігіт 4 зип-пакетті жасырып үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, жуырда БҚО аумағында «Орал-есірткісіз қала» атты нашақорлыққа қарсы бағдарлама іске қосылған еді.

Бейнеден стопкадр

Осы бағдарлама аясында нашақорлықпен күресу ісіне барлық мүдделі ұйымдар жұмылдырылды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасады. Есірткі қылмысымен күрес – полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Облыс бойынша диспансерлік наркологиялық есепте барлығы 3 700-ден астам адам есепте тұрса, соның 700-ден астамы нашақорлыққа шалдыққан. Соның ішінде төртеуі – кәмелетке толмағандар, мұның екеуі – нашақор, екеуі – токсикоман. 28 жасқа дейінгі жастар 130-дан асады. 

Мектеп оқушылары арасында есірткі таратудың 2023 жылы 3, биыл 3 дерегі тіркелген.

Жасөспірім 14 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Өткен жылы 3 жасөспірім бас бостандығынан айырылса, биылғы тұтылғандардың біреуі – оқушы, үшеуі – колледждің 1-2 курс студенттері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с