Қазақстандықтар Ресейге кірген кезде биометрия тапсыруға міндеттеледі

2025 жылдың 30 маусымынан бастап эксперимент елдің барлық шекара бекетіне таралады.

ашық дереккөзден

Ресей цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі ел шекарасынан өткен кезде шетелдіктерден биометриялық деректерді жинау жобасы басталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Пилоттық жоба Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, 2024 жылдың 1 желтоқсанынан басталуы мүмкін.

Негізгі әуежайлар мен шекара бекеттерінде биометрияны жинау 

Құжатқа сәйкес, биометриялық деректерді жинауды Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы белгілі бір өткізу пункттерінен бастау жоспарланған. Тізімге Мәскеудің Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский әуежайлары, сондай-ақ Орынбор облысындағы Маштаково автомобиль өткізу пункті кіреді. 2025 жылдың 30 маусымынан бастап эксперимент елдің барлық шекара бекетіне таралады.

Ерекше санаттар 

Ұсынылған ережелер Беларусь азаматтарына, алты жасқа дейінгі балаларға, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне әсер етпейді. Биометрия Ресейде аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шенеуніктері мен олардың отбасы мүшелері үшін, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттар мен визалардың иелері үшін міндетті болмайды.

Қаржы министрлігінің бастамасы шекарадағы бақылау мен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған, бірақ әзірге эксперименттік сипатта және белгілі бір санаттағы адамдар мен өткізу пункттерімен шектеледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-07
Утром-17.35 ℃
Днем-10.86 ℃
Вечером-11.52 ℃
Ночью-12.48 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.52 м/с
2026-02-08
Утром-7.21 ℃
Днем-5.29 ℃
Вечером-8.5 ℃
Ночью-5.78 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.78 м/с