Оралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 375 үйдің кілті табысталды

Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 192 отбасы баспаналы болды. Осының алдында Деркөл кентінде 103, Зачаганда 80 отбасына жеке тұрғын үй кілттері табыс етілген еді.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Оралда саяжайларда жалғыз баспанасы тұруға жарамсыз деп танылғандар арасынан 375 отбасы жеке үйге қол жеткізді.

«Жұлдыз» шағынауданында тұрғын үй кілттерін салтанатты түрде табыстаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жаңа қоныс иелерін құттықтады.

«Көктемгі тасқын кезінде қаланың шетіндегі саяжайларды су басып, тұрғындар қиын жағдайға тап болды. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен баспанасыз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Күні кеше Зачаган және Деркөл кенттерінен 183 отбасыға жаңа үй берсек, бүгін, міне, «Жұлдыз» шағынауданынан тағы 192 үйдің кілтін табыстап жатырмыз. Осы шағынауданда үйлерді мерзімінде әрі сапалы етіп салған 17 мердігер мекемеге ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің құрылысына демеушілік жасаған «ERG» компаниясының басшылығына тұрғындар атынан алғысымды жеткізгім келеді», — деді өңір басшысы.

Орал қаласында күні бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 548 үй берілді.

Облыс бойынша тасқыннан зардап шеккендерге 775 үй салынған еді. Қазірде тұрғындарға 685 үйдің кілті табысталды. Енді қалғаны Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылында 3 қыркүйек күні табысталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0 ℃
Вечером0.24 ℃
Ночью-0.1 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-3.33 ℃
Днем-5.7 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-12.67 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.69 м/с