БҚО тұрғыны Ресей үшін майданға аттанып, қаза тапты

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Ресей үшін майданға аттанып, 2024 жылдың ақпанынан бастап хабар-ошарсыз кеткен.

Фото: elements.envato.com

Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедьяров facebook желісінде жазды.

Марқұм Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Этникалық қазақ азаматы осыдан 30 жыл бұрын отбасымен Ресей Федерациясының Орынбор облысынан Қазақстанға көшіп келген екен.

«2023 жылдың соңында ол отбасына Ресей Федерациясына кетіп, өз еркімен соғысқа аттануға ниетті екенін айтқан. Туыстары оны бұл ойдан тайдыруға тырысты, бірақ ер адам украиндық әскерилер орыс балаларын өлтіріп жатқанын және барлық украиндықтардың фашистер екенін айтып, алған бетінен қайтпай қойған көрінеді», —деп жазады Ахмедьяров.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол үнемі пропагандалық ресейлік телеақпараттарды көріп, нәтижесінде соғысқа аттануға бел буған екен.

«2023 жылдың қарашасында Ресейге кетті. Бара сала Ресей азаматтығын алып, жасына қарамастан Ресей Қарулы Күштері қатарына қабылданды. «Град» қондырғысының атқышы ретінде майданға аттанды. Ал 2024 жылдың қаңтарында жарақат алғанына қарамастан соғысқа аттанды», — деп қосты журналист.

2024 жылдың ақпан айынан бастап ер адам туыстарымен байланысқа шығуды тоқтатқан. 6 ай бойы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болды. Тек тамыз айында ол қызмет еткен бөлімше командирі оның отбасымен байланысқа шығып, Дондағы Ростов мәйітханасында сақталған мәйіттердің арасынан оның кім екені анықталғанын хабарлады. Сол жерден оның сүйегі Қазақстанға жеткізілді.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ ағымдағы жылдың мамыр айында Украинада Ресей жағында соғысқан Ақмола облысының 18 жастағы тұрғыны Данил Ермоленконың қаза тапқанын хабарлаған болатын.

ORDA

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.42 ℃
Днем-4.34 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с