Елімізде коммуналдық қызмет айтарлықтай қымбаттады
Жылдық инфляция – 8,4%.
Қазақстанда бір жылда дәрі-дәрмек пен коммуналдық және байланыс қызметінің бағасы айтарлықтай көтерілген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл тамызда айлық инфляция баяулаған – 0,6%. Шілдедегі көрсеткіш – 0,7%.
Ақылы қызметтердің бағасы – 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%-ға өсті.
Бір айда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі – 1,6%, суық суға 0,9% өсті. Қалалық автобуспен жол жүру – 9,3%, такси 1,8%-ға қымбаттады. Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беруде байқалды – 1,4%.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде тамызда оқушылардың рюкзагына баға – 4,7%, балалар киіміне – 1,8%, балалар аяқ киіміне –1,3%, кеңсе тауарларына 1,1%-ға өсті.
Баллондағы сұйық газ 1,7%-ға қымбаттады. Апельсин бағасы – 4,2%, күнбағыс майы мен қырыққабат – 2,2%, пиязға 1,9%-ға өсті.
Бағаның төмендеуі жүзім – 10%, тәтті бұрышқа – 8,6%, қызанаққа – 7,8%, қиярға – 6,1%, қарақұмық жармасына – 3,6%, қызылшаға 3,2% деп белгіленді.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Абай облысында – 0,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Түркістан облысында – 1,7%, ақылы қызметтер бойынша Алматы қаласында 2,2% байқалды.
2024 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% болды. Ақылы қызметтердің бағасы – 13,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы – 7,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға өсті.
2023 жылғы тамызбен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, қоқыс шығаруға — 23,5%, су бұруға – 22,9%, электр энергиясына – 22,8%, суық суға – 21,9%, ыстық суға 20,2% өсті.
Денсаулық сақтау – 12%, байланыс қызметтері 14,9%-ға қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 58,5%, белсендірілген көмір – 30,4%, хилак форте – 24,3%, парацетамол 20,1%-ға өсті.
Банан – 28,3%, қызанақ – 24,9%, қияр, зәйтүн майы – 21,6% жүзім 21,2%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде қырыққабат – 27,6%, қарақұмық жармасы – 23,4%, күнбағыс майы – 17,2%, пияз 14,2%-ға арзандады.