АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады
ОСК мүшелері бұл сметамен есептелген сома екенін айтады.
АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ОСК брифингінде айтылды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина АЭС салу мәселесі бойынша референдумның бюджеті 15,5 млрд теңгені құрайтынын мәлімдеді.
ОСК мүшелері бұл сметамен есептелген сома екенін айтады.
Еске салсақ, Президент Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтетінін мәлімдеді.
Үкімет президенттің АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жарлығы жөнінде қаулы қабылдады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум өңірлерде қай орында өтетінін айтты.
– Қазір ауыл әкімдерінің сайлауы жоспар бойынша өткізіліп жатыр. Басқа мемлекеттердің тәжірибесін алып қарайық. Үндістанда, Мажарстанда, Венгрияда болдым. ТМД елдерін айтпай-ақ қояйын. Барлық жерде мектептерде өтеді. Байқасаңыз, ауылдарда мемлекеттік деңгейдегі басқа ғимараттар жоқтың қасы. Әкімдікте өткізбейсің ғой. Ал Мәдениет үйлері ауылдардың бәрінде жоқ. Сондықтан, референдумды мектепте өткізбеу мүмкін емес, – дейді Нұрлан Әбдіров.
Әбдіров референдумға кететін шығын орынды деп есептейді.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина АЭС салу мәселесі бойынша референдумның бюджеті 15,5 млрд теңгені құрайтынын мәлімдеді. ОСК мүшелері бұл сметамен есептелген сома екенін айтады.