БҚО-да «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолына мониторинг жүргізілді
Мониторинг бірнеше проблемаларды, соның ішінде қатты жауын-шашыннан кейінгі айналма жолдың қанағаттанарлықсыз жағдайын және құрылыс жұмыстарының төмен қарқынын анықтады.

Батыс Қазақстан облысында мониторирингтік топ 0-36 км учаскесінде «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялауға мониторинг жүргізді.
Қайта құру жобасы екі негізгі учаскені қамтиды: км 0-36 және км 108-144. Жоба аясында үш көлік айрығын, екі көпір құрылысын және 80 су өткізу құбырын салу көзделген.
Жобаның тапсырыс берушісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы, ал мердігер – «Казкомсервис» ЖШС-і болып табылады. Техникалық қадағалауды «MSK Engineering» ЖШС-і, ал авторлық қадағалауды «КарагандаКаздорпроект» ЖШС-і жүзеге асырады.
Мониторинг бірнеше проблемаларды, соның ішінде қатты жауын-шашыннан кейінгі айналма жолдың қанағаттанарлықсыз жағдайын және құрылыс жұмыстарының төмен қарқынын анықтады. Негізгі проблема жеке компаниясының автожолды мұнай құбырымен қиып өтуден бас тартуы болып табылады.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты «Казкомсервис» ЖШС-нің мердігеріне барлық ескертулерді жою ұсынылды.
Қайта құруды аяқтау 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған және процесс мониторинг тобының тұрақты бақылауында болады.
