Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумды онлайн өткізу туралы петиция жарияланды

Петиция авторының айтуынша, онлайн дауыс беру шығындарды азайтып, азаматтар үшін процестің қолжетімділігін арттырады, сонымен бірге қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз етеді.

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумды бюджет қаражатын үнемдеу және дауыс беру процесін жеңілдету мақсатында онлайн форматта өткізуді ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ePetition порталында онлайн референдум өткізу туралы петиция жарияланды. Онлайн референдум өткізу идеясы дәстүрлі референдум өткізу бюджеттен 15,5 миллиард теңге жұмсалатыны туралы ақпараттан кейін пайда болған. Петиция авторының айтуынша, онлайн дауыс беру шығындарды азайтып, азаматтар үшін процестің қолжетімділігін арттырады, сонымен бірге қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз етеді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумды онлайн өткізу мүмкін емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, әлемде электронды дауыс беру жүйесін қолдану тәжірибесі бар болғанымен, мұндай жүйелердің көпшілігі қашықтықтан дауыс беру үшін емес, тікелей сайлау учаскелерінде қолданылады.

«Біз осы мәселе бойынша ЕҚЫҰ маманын шақырдық, олардың айтуынша, мұндай жүйені енгізбес бұрын оның қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуіміз қажет. Сондай-ақ қазір фейктердің бар екенін, киберқауіпсіздік туралы мәселердің көбейіп бара жатқанын өз көздеріңізбен көріп отырсыздар», – деді Әбдіров.

Сонымен қатар, орталық сайлау комиссиясының төрағасы онлайн дауыс беру форматына көшу бюджетті үнемдеуге әкелмейтінін атап өтті. Керісінше, мұндай жүйелерді әзірлеу және енгізу дәстүрлі референдумға қарағанда ондаған, мүмкін жүздеген есе қымбатқа түсуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсалатыны туралы жазған едік. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.53 ℃
Днем-4.86 ℃
Вечером-5.91 ℃
Ночью-6.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-8.13 ℃
Днем-4.25 ℃
Вечером-5.78 ℃
Ночью-6.52 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра4.19 м/с