БҚО-да бір күнде 335 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Сонымен қатар, алып жүруге тыйым салынған заттарымен 3 адам ұсталды, оның ішінде бір тұрғыннан «суық қару» ретінде саналатын зат пен 1 атыс қаруы тәркіленді.
БҚО ПД Баспасөз қызметі хабарлағандай, «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде 335 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылғы қыркүйектің 2-6 күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен қоғамдағы құқық бұзушылықты анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу бағытында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның алғашқы күнінде 15 қылмыс ашылып, алып жүруге тыйым салынған заттарымен 3 адам ұсталды, оның ішінде бір тұрғыннан «суық қару» ретінде саналатын зат пен 1 атыс қаруы тәркіленді.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.
Тәртіп сақшылары акцияның алғашқы күнінде 335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 4 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 49 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 6 (ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 3 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, ЖПІШ барысында Бөкейордасы аудандық полиция бөлімінің 1990ж.т. ауыл тұрғынының үйін тексеру кезінде бұрын тіркелмеген 16 калибрлі «БМ» маркалы қос ұңғылы атыс қаруы табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚбТК-нің 482-бабына (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.