Митинг өткізуге қойылған шектеулерді Конституциялық сот қарамақ
Мәселе биліктің бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат беруден бас тартуы мүмкін нормаларға қатысты.
Бейбіт митингтерді өткізуге қойылған шектеулерді Конституциялық сот тексереді. Қазақстандық азамат Конституциялық сотқа «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның кейбір ережелеріне қатысты шағым түсірді, деп хабарлады Orda.kz.
Мәселе биліктің бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат беруден бас тартуы мүмкін нормаларға қатысты. Бұл нормаларға сәйкес, егер жиналыс белгіленген уақыт пен орында басқа іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, билік бейбіт жиналысты өткізуге тыйым сала алады. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті және көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыс өткізетін орын мен уақытты өзгерту ұсынылуы мүмкін. Аталған шектеулер Конституцияға сәйкес келе ме, оны жоғары сот органы тексереді.
Қорытынды шешім Конституциялық соттың интернет-ресурстарында жарияланатын болады.