Орал сотында істерді роботтар тарататын болады
Әзірге тек бір «Жол ережесін бұзу» әкімшілік бабы бойынша.
Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өздері іріктеуге және істерді сотқа автоматты түрде жіберуге, оларды тіркеуге және судьялар арасында бөлуге, сондай-ақ қаулыларды автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін роботтандыруды сот жұмысына пайдалану жөніндегі жоба іске қосылды.
Бұл жоба Батыс Қазақстан облысының соттарында 03.09.2024 жылдан бастап іске қосылды және алғашқы нәтижелері бар.
Бұл роботтандыру бағдарламасы қалай жұмыс істейді:
-егер тараптар қысқаша қаулы алуға келіссе;
-егер сотқа қатыспай қарауға өтініш берілсе;
-егер соттың жедел шешімін алуға өтініш болса;
Онда мұндай істер «роботпен» тіркеледі, судьяға осы жол көлік оқиғасының барлық деректерін, мән-жайларын қайта жинаудың қажеті жоқ, сот тек осы мәліметтерді қарастырып, жаза қолдану мәселесін шешеді.
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Нұрмағамбетова Б.Т роботтандыру бағдарламасын сотқа жолдау бойынша жобаның сақталуын енгізді.
Істерді жолдау кезінде тараптардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, көлік құралдарының техникалық куәліктері мен сақтандыру полюстерін дәл сәйкестікте толтыру қажет.
Роботтық жүйе бүгінгі күнге дейін 200-ден астам істі тіркеді және олар дереу қарау тәртібімен қарастырылды.
Қазіргі уақытта Жоғарғы Сотта «роботқа» сеніп тапсыруға болатын істердің басқа санаттары да талдануда.