Еліміздегі жатақханаларда биометрия енгізу ұсынылды
Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда жатақханаларда биометрия енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Оқу-ағарту министрлігі жатақханаларда биометрия енгізу арқылы онда бөгде адамдардың кіруін шектеуді жоспарлап отыр.
Бұйрық жобасы жатақханада тұратын студенттер үшін қол жеткізуді бақылау мен басқарудың баламалы жүйесін – биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) басқа адамдардың студенттердің рұқсатнамаларын пайдалануына жол бермеуді көздейді, – деп жазылған құжатта.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемді жүзеге асырғаннан кейін студенттердің жатақханада тұрмау фактісі расталған кезде оператор қорытындыны ресімдейді, оның негізінде өнім берушіге жатақханада тұрмау кезеңінде осындай студенттер үшін алынған қаражатты бюджетке қайтару туралы талапты жібереді.
Білім министрлігінде түсіндірілгендей, жобаны қабылдау студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің ашықтығын арттырады, сондай-ақ жатақханалардағы нақты бос орындарға қатысты деректерді бұрмалау бойынша тәуекелдерді нивелирлейді және «жоқ жандарды»анықтайды.
Жоба 20 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шықты.