«Басшымен хабарласып 100 рет сөйлескен»: Қарашығанақ темір жолында поезд астына түсіп қаза тапқан әйелге сараптама жасаған мамандар істі бұрмалаған

Қарашығанақ темір жолында поезд астына түсіп қаза тапқан әйелдің жақындары тергеудің дұрыс өтпегеніне наразы. Тергеуде оқиғаға әйелдің өзін кінәлап, теміржолды дұрыс емес жерден кесіп өтті деп көрсеткен. 

Фото: Halyq Uni

Алайда кейін сараптама жасаған мамандарының жалған ақпарат көрсеткені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жазылған. Журналисттің айтуынша, Азамат Жанпейісовтің анасы Гүлзада Жантасова үш ай бұрын пойыз астында түсіп қаза тапқан. Алайда қазір бұл іске байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

“Гүлзада Жантасова 2021 жылдың күзінде «Қарашығанақ» кен орнында көмірсутек өндіретін компанияның қызметкерлерін тасымалдайтын поездың астында түсіп қаза тапты. Ал сол күні қозғалыс қызметін «Желдортранс-Ақтөбе» ЖШС көрсеткені анықталды. Тергеуді көлік полиция департаменті жүргізген. Тергеуші әдеттегідей, машинист пен оның көмекшісінен жауап алған. Олар вагондарды кабинадан нашар көрінетін маневрлік локомотив тартқанын түсіндірген. Бірақ соңында тергеу оқиғаға әйелдің өзін кінәлап, теміржолды дұрыс емес жерден кесіп өтті деп көрсеткен. Нәтижесінде іс тоқтатылды”, – деп жазды ол.

Деректерге сүйенсек, кейін марқұмның ұлы БАҚ-қа шығып шағымданғандықтан тергеу қайта басталған.

“Іс бойынша вагондарды магистральдық жолдармен маневрлік локомотивпен тасымалдауға болатындығын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сарапшылардың ойы екіге бөлінді: кейбіреулер бұл рұқсат етілген деп мәлімдесе, басқалары маневрлік локомотив тек экономикалық қажеттіліктерге арналғанын айтты. Құқық қорғау органдарын бұл істі тек қауіпсіздік ережелерін бұзуға ғана емес (ҚК-нің 344-бабы), сонымен қатар ҚК-нің 306-бабы бойынша – «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жұмыстарды орындау» деген қорытындыға келді. Бұл бапта 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Және машинистерге емес, жұмысты ұйымдастырушылар жауап бермек”, – делінген жазбада. 

Ең қызығы тергеу барысында полицейлер сараптамадағы сәйкессіздіктерді анықтаған. Құжаттағы екі сарапшының тұжырымдары қарама-қайшы керісінше жазылған екен.

“Осыған байланысты көліктегі полиция департаменті ҚК-нің 420-бабы «сарапшының көрінеу жалған қорытындысы» бойынша жаңа іс қозғады. Тергеу аясында сарапшы Николай Колесниковтың ұялы телефонын алу туралы шешім қабылданды. Колесниковтың хат-хабарларынан Алматыдан Оралға және кері ұшаққа билеттер, сондай-ақ ҚТЖ-да жолаушылар қозғалысында маневрлік локомотивтерді пайдалануға тыйым салынбағаны тікелей көрсетілген хабарламалар табылды. Ал хабарламаны «Желдортранс-Ақтөбе» ЖШС қызметкері Болат Мүфтеев болды.

Колесниковтың қоңыраулар журналында алты айда 100-ден астам рет сөйлескен сол ЖШС басшысы Талғат Жұмағалиевтің де нөмірі табылды. Бұл екеуі нені жиі талқылауы мүмкін? Әлде сараптамада істі қалай көрсету керек екенін ойластырды ма?”, – деп жазды журналист. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-15
Утром-0.14 ℃
Днем10.02 ℃
Вечером7.15 ℃
Ночью4.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.66 м/с
2024-10-16
Утром2.88 ℃
Днем8.97 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью6.83 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.04 м/с