Елшілік қазақстандықтарды Украинадан кетуге шақырды
Жедел желі арқылы тиісті ақпаратты алуға болады.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі шиеленістің ушығуына байланысты азаматтарды елден кетуге шақырады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік үшін Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды Украина аумағынан кету жағын қарастыруды ұсынады. Қазақстан азаматтары Польша немесе Молдова аумағы арқылы Украинадан шығып, одан кейін коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша территориясы арқылы кеткен жағдайда қазақстандықтар Шенген визасы болуы шарт. Молдоваға кіру үшін виза керек емес, – деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.
Сондай-ақ елшілік Украинадағы барлық қазақстандықты әуе шабуылы туралы ескертуді назарға алуға, қауіпсіздік шараларын қаңтар сақтауға және ресми органдардың ұсынысын орындауға шақырады.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары:
- +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031;
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда):
- +38 0673470408.