Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Күзгі шақыру барысында Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес күзгі шақыру қыркүйекте басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады», – делінген ведомство хабарында.

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

Министрлік нақтылағандай, шақыру науқаны барынша ашық форматта өткізіледі. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар іске қосылған.

Күзгі шақыру барысында Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады.

Биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді:

– оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі.

– Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге сомасындағы төлемдері кейінге қалдырылды.

– Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.

– Бүгінгі таңда әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін, ал ақылы түрде 700-ден астамы оқуға түсті.

– Осы жылдың көктемінде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша Қарулы күштер мемлекеттік үлгідегі куәліктерді бере отырып, әскери қызметшілерді аралас жұмысшы мамандықтарына оқытты. Жыл сайын жұмысшы мамандықтарының саны да артып келеді. 2023 жылы 1200-ге жуық маман оқытылды. Биылғы жылы 1300-ден аса адамды оқыту жоспарланып отыр», – деп хабарлады министрлікте.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-10.73 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с