БҚО-да ауыл тұрғыны заңсыз қару сақтап, айыппұл арқалады
Оған ӘҚБтК-тің 482-бабының 1-бөлігінің санкциясы шеңберінде оған әкімшілік жаза ретінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Жаңақала аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған құқық бұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды,-деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Іс бойынша келесі мән жайлар анықталды, өзінде тіркелмеген 16-калибрлі бір ұңғылы «ИЖ-17» маркалы аншылық мылтығын заңсыз сақтаған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңының 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруды иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркеуге тиіс.
ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігінде ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Іс барысында құқық бұзушы Н.-ның іс-әрекеті іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Судья ӘҚБтК-тің 482-бабының 1-бөлігінің санкциясы шеңберінде оған әкімшілік жаза ретінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Аңшылық қару мемлекет меншігіне тәркіленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.