Батыс Қазақстан облысында жарылыстың алды алынды
Өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 оттегі баллонын тауып, оларды суытып, қауіпсіз жерге алып шықты.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында гараждың өртенуі орын алып, өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына ауысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 оттегі баллонын тауып, оларды суытып, қауіпсіз жерге алып шықты.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 160 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ қысымның жоғарылауына байланысты ыстық және деформацияға ұшыраған баллон қауіпті екенін ескертеді.