Еліміздегі барлық мектептің асханалары тексеріледі

Премьер-министр балалардың жаппай улануына байланысты тиісті ведомстволардың есебін тыңдады.

Ашық дереккөзден

Үкімет Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында балалардың улану себептерін тексеруді бақылауға алды.

Премьер-министр аталған жағдайға байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есептерін тыңдады.

Ақпаратқа сәйкес, бүгінде 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылып, 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

Қазір ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың бәріне толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тәулік бойы штаб жұмыс істейді, – делінген Үкімет хабарламасында.

Ауру ошағын оқшаулау және жою шараларын күшейту үшін өңірге «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының мамандары жіберілді.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептің асханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған, – делінген хабарламасында.

Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушылары асхана тамағымен жаппай уланып қалғанын  болатын. Аталған жағдайға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылатыны белгілі болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.42 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с