«Жалған құжат толтырумен күрес»: Қазақстандағы емханаларда Face-ID жүйесі енгізіледі

Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал – науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID енгізуді қоса алғанда басқа да цифрлық технологиялар болмақ.

Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау емханалардағы жалған құжат толтырумен күрес үшін Face-ID енгізіледі. Бұл туралы ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова айтты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 24KZ телеарнасына берген сұқбатында денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті бұрамалаудың (жалған құжат толтыру) алдын алу бойынша қабылданып жатқан жаңа шаралар туралы баяндады.

Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал – науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID енгізуді қоса алғанда басқа да цифрлық технологиялар болмақ.

Министрлік Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында науқастар Face-ID және веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайтын болады, бұл оларға көрсетілген қызмет туралы деректердің бұрмалануына жол бермеуге септік етеді.

«Осы жылдың соңына дейін біз Астанада пилоттық жобаны іске асырамыз, ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бойынша ауқымын кеңейтіп таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат толтыруды түбірімен жоқ қылатын тиімді құрал болады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесі көрсетілген қызметтерді нақты тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл науқастардың дәрігерге қаралуы туралы жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді, сәйкесінше бюджет қаржысының да, сақтандырылған азаматтардың жарнасының да мақсатсыз жұмсалуының алдын алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.22 ℃
Днем22.16 ℃
Вечером19.76 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.08 м/с
2025-05-21
Утром13.85 ℃
Днем22.05 ℃
Вечером17.1 ℃
Ночью11.43 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.98 м/с